Тарихымыз » ГККП Ясли сад № 55
Алматы қаласы білім басқармасының
«№55 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 3-09-37-33
Әдіскер телефоны:
+7(727) 3-09-37-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ноябрь
2019

Тарихымыз

     Алматы қаласы білім басқармасының "№55 бөбекжай-балабақшасы ( Бұрынғы № 326 )" 1984 жылы алғашқыда 14 топтық орыс балабақшасы болып ашылған. Джаппарова Эльмира Казисқызы 1990 жылдан 2018 жылға дейін осы балабақшада меңгерушілік қызметін атқарды. Содан 1998 жылға дейін бұл балабақша аралас балабақша болды.Өмір ағымына байланысты 1998 жылдан бастап балабақша таза қазақ тілінде оқу – тәрбие жұмыстарын жалғастырды. 2018 жылы Джаппарова Эльмира Казисқызы 28 жыл балабақшада жұмыс атқарып, зейнетке шықты.

    2018 жылы осы балабақшаға Суйенбаева Гульмира Муханбаевна меңгерушілік қызметке тағайындалды. Гульмира Муханбаевна өзінің жинаған іс – тәжірибесінің арқасында балабақшаға көптеген өзгерістерді енгізді. 

   Гульмира Муханбаевна алғашқы күннен бастап өз ісіне үлкен жауапкершілікпен, ұқыптылық пен қарап, өзінің нағыз маман иесі екенін көрсете білді. Ұжымда құрметке ие, мінезі жағынан тіл табысқыш, өмірде қарапайым, ұстамды басшы. Қазіргі таңда балабақшада 13  топ жұмыс істеуде. Баланың жеке тұлға ретінде дамуына, ойын түрлерін ұйымдастыру мен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бағыты жоғары көрсеткіш береді.

  Білім беру саласы бойынша балабақша аралық және аудандық іс әрекеті жақсы көрсеткіштіке жетуде. Қазіргі заман ақпараттық технологияны меңгере отырып, балалардың интеллектуалдық  дамуын қадағалау, әрбір педагог мамандардың іскерлігі.

Сонымен қатар балабақшада жоғары, білімді педагог мамандар , жұмыс жасайды. Барлық педагог мамандар кәсіби біліктілігін көрсетіп, компьютерлік сауаттылықты меңгеруде. Педагог мамандар аудандық семинарға, курстарға, әдістемелік бірлестіктерге қатысып, білімдерін жетілдіреді және тәжірибе алмасады. 

 Педагог ұжым шығармашылықпен жұмыс жүргізгенде дербес ойлайтын, дүние танымы терең, жан жақты дамыған балалар тәрбиелеп шығаруды көздейді.

Құрметті ата – аналар, балалар! Біз сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуанамыз. Сіздерді асыға күтеміз.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив